KZ / RU
Біздің байланыстар

Әлеуметтік медиа

Алматы
KZ / RU

Кепілдік және қайтару

ҚАЙТАРУ

1. Өлшемі, түсі немесе пішіні үйлеспеген Тауарды қалай қайтарады?

Интернет-дүкенімізде Тауарды қайтару бойынша барлық жағдайлар Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңының 30-бабымен реттеледі.

2. Тауарды қайтаруға 14 күн беріледі, ол қай кезден бастап саналады?

Тауарды дүкенге кері қайтару үшін Сіздің тауар жүкқұжатына қол қойған күннен бастап 14 күніңіз бар.

3. Тауарды қайтару шарттары қандай?

Тауар тура Сіз алған күйде: пайдалану іздерінсіз, зауыттық затбелгісімен, қаптамасында және тауарлық жүкқұжатпен (чекпен) бірге өткізілуге тиіс.
Интернет-дүкенімізде Тауарды ауыстыру және қайтару бойынша барлық жағдайлар Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңының 30-бабымен реттеледі.

КЕПІЛДІК

BMW-ның түпнұсқа аксессуарларына және Lifestyle Тауарларына кепілдік мерзімі тауар жүкқұжатына қол қойған күннен бастап 2 (Екі) жылды құрайды.